Қазақстанда пойыздар қашан жүре бастайтыны белгілі болды

2995
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/05/pojyz.jpg
1 маусымнан бастап елде кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасы жанданады. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды primeminister.kz. "2020 жылдың 1 маусымынан бастап мемлекеттік бас санитар дәрігердің талаптарын ескере отырып, ішкі теміржол қатынасын кезең-кезеңмен жандандыру жоспарланып отыр", - делінген хабарламада. Жолаушылар пойыздарына билет 15 мамырдан сатыла бастайды. Бұған дейін 13 мамырдан Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар және Зайсан қалаларына ішкі әуе рейстері ашылатыны хабарланған еді.

Sputnik.

Комментарии