MTK KAZAKHSTAN менеджерлік компаниясының басшысы Асқар Салықбаев 28 наурыз күніне жоспарланған Nauryz Fight Night кеші коронавирусқа қарамастан өтетінін айтты.
Әлемдегі коронавирустың ахуалына байланысты Nauryz Fight Night кешінің ұйымдастыру жұмыстарына өзгерістер еніп жатыр. Өкінішке қарай, әлем және Қазақстан дәрігерлерінің ұсынысы бойынша 28 наурызға жоспарланған бокс кеші көрерменсіз өтуі мүмкін. Сол үшін де түсіністік танытуларыңызды сұраймын, – деді Асқар Салықбаев.
Nauryz Fight Night кешінде шаршы алаңға шығатын боксшылар:
Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) – жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуінің иегері;
Тұрсынбай Кұлахмет – әуесқой бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы;
Фазлиддин Гайбназаров (Өзбекстан, 8-1, 5 KO) — 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы;
Мухаммад Васим (Пәкістан, 10-1, 7 КО);
Абай Төлеш (5-0, 3 КО);
Хуршид Тожибаев (4-0, 2 КО);
Әли Балоев (9-0, 7 КО);
Әбілхайыр Шегалиев (8-0, 4 КО);
Рай Сейітжанов (2-0);
Нұрдос Төлебай (2-0, 1 KO).
Новости по теме
Турксибский район Алматы укрепляет зеленый статус: более 772 тыс. деревьев и новые озелененные улицы
Свыше 3 тысяч рабочих и более 1800 единиц техники: в Астане продолжается круглосуточная очистка от снега
