Басты бет » Айдарлар » Адырнама » «Дүлдүл ән мен пырақ күй»

«Дүлдүл ән мен пырақ күй»

2013 жылдың 23 сәуірі күні (сағат 19.00-де) Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында «Дүлдүл ән мен пырақ күй» атты ән мен күй кеші өтеді.

Ұлыстың ұлы күнін ежелгі сақтардың, ғұндардың ерекше тойлағандығы туралы деректер бар. Сондықтан, Наурыз парсылардың емес, өзіміздің төл мерекеміз. Кеште түркілердің Жаңа жылды қарсы алу дәстүрінен көрініс көрсетіледі.

Көшпелі қауымның бүкіл әлемді бағындыруының басты себебі – ең алғаш болып жаһанда жылқыны ауыздықтап мінуі, бабаларымыздың аттың құлағында еркін ойнауы. Ал биыл жылқы жылы. Сол себепті де, жылқы тақырыбындағы ән мен күй кешін өткізуді жөн көрдік. Театрдың кіреберісінде қолөнер көрмесі ұйымдастырылады (18.00-ден 19.00-ге дейін). Онда шеберлердің қолымен қыштан, темірден, ағаштан, тоқыма өнімдерінен жасалған бұйымдар қойылады. Ұлттық бұйымдарға қызығатын жұрт өзіне қажетті затты сатып алуына да болады.

 Қолөнер көрмесіне қатысушылар:

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академисының сәндік-қолданбалы өнер кафедрасының ұстаздары мен шәкірттері;

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академисының мектеп-интернат, колледжінің ұстаздары мен шәкірттері;

Жекелеген қолөнер шеберлері.

 

Кешке қатысушылар: Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Үлкенбаева, Талғат Мұқыш, Еркін Нұрханов, Ерлан Төлеутай, Еркін Шүкіман, Ақан Әбдуәлі, Айгүл Қосанова, Ардақ Исатаева, Ұлжан Байбосынова, Тілеулес Құрманғалиев, Сейіл Аяғанов, Абзал Қуанышев, Талғат Әбуғазы, Саят Нұрғазин, Жақсыкелді Маясаров, Серік Сатыбаев, Жасұлан Қоңыров, Жасұлан Сақаев, Бақтияр Ақымжанов,  Ғалым Қабденов, Сырым Нұрмолдин, «Тұран» тобы, «Алашұлы» тобы.

 

Ұйымдастырушылар: «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі, «Алматы» телеарнасы

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Төл мәдениетіміздің тамыры тереңде

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау ...