Скабелка Қазақстан құрамасының бапкері қызметінде қалады

2924

оккейден Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Андрей Скабелка өзінің командасы Олимпиадалық іріктеу турнирінің ақтық кезеңіне шыға алмаса да, ұлттық құраманы тізгінін ұстауды жалғастырады. Бұл туралы  Prosports.kz хабарлайды.

Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Глеб Каратаев мәлімдеді.

- Турнирді ұйымдастыру комитеті өте жақсы дайындады. Көптеген адамдар қатысты. Өкінішке орай, жарыста Қазақстан құрамасының жолы болмады.

Андрей Владимирович Скабелка кем дегенде Әлем чемпионатына дейін жұмысын жалғастырады. Ол өте білікті маман, мықты жаттықтырушылар құрамы бар. Әрине, турнир сәтсіз біз үшін сәтсіз аяқталды. Дегенмен алға жылжуымыз керек. Алда әлем чемпионаты күтіп тұр, онда барынша жақсы нәтиже көрсету керек.

Нормализация үрдісі бар. бірақ егер бас құрама «Барыс» командасынан нашар ойнаса, бұл жақсы емес. Балаларды алға ұмтылдыру керек. Бәсекелестік жоғары болса ғана Қазақстан чемпионаты мен жастар лигасы дамиды, содан кейін жеке бапкерлер мен ойыншылар туралы ойлана аламыз. Өкінішке орай, қазір жағдай осылай», - деді Глеб Каратаев.

Комментарии
Выбор редакции