Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Құттықтау жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді әрі прагматикалық қызметіне жоғары баға берді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Дональд Трамптың Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған ұстанымына ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа мықты денсаулық пен жауапты мемлекеттік қызметіне зор табыс тіледі.
Новости по теме
За последние три года наблюдается укрепление взаимодействия между государством и предпринимательским сообществом - Максим Крамаренко
Ученики 7 класса Назарбаев Интеллектуальной школы города Талдыкорган стали победителями в республиканском конкурсе экологических проектов «ProEco»