Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойын тікелей эфирде көру үшін халықтан ақы алуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Вице-министрдің айтуынша, егер шоу-бизнес өкілдері осындай форматта табыс тапса, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тиісті салық төлеуі тиіс.
"Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуі керек. Шоу-бизнес өкілдері осылай табыс тапса, міндетті түрде салық төлеуге тиіс. Бастысы – мемлекетке салық түссе болды. Мұндай әрекеттер бақылауда болады", – деді Дәурен Кеңбейіл.
Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті де әншіге ескерту жасап, онлайн түрде ақша жинау заңды кәсіпкерлік қызметке жататындықтан, салық міндеттемелері орындалуы керектігін еске салған.
Новости по теме
Вчера на сайте «Хабар 24» вышла сенсационная статья под названием «Новые исторические документы про «Алаш» нашли японские учёные»