Бұл күнді де ауыстыру қажет деп санаймын. Ешқашан ұмытпаймыз!

1842
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2018/06/ASHARSHYILYI---BESIK1-960x500.jpg?token=ee39e81940a5ed652ec0642a5d088e03
Қуаныш, той-думан халықты қалай біріктірсе, қайғы мен қасірет те солай біріктіреді. Миллиондап қырғынға ұшыраған, атылған, қудаланған, бір үзім нанға зар болып өмірден өткен қазақты еске алу күні бүгін. Еске алу күні ғана емес, АЗА ТҰТУ КҮНІ де түсінгенге. Сол бір зұлмат жылдарға әділ саяси баға берілуі тиіс. Еврейлер Шоа күнін (холокостты), украиндер голодоморды, арабтар накбаны қалай еске алса, қазақтар да бұл геноцид жылдарын солай еске алуы міндетті. Елде және мемлекеттік органдарда бір минуттық үнсіздік, діни орталықтардағы дұға оқу, ойын-сауықты бір күнге тоқтату, теледидарда дәл осы жылдарға қатысты фильмдер, деректі фильмдерді көрсету және басқа дегендей. Бұл - идеология, бұл өткенді ұмытпау, бұл келешекке тарихи жадымен бару деген сөз. Бұл күнді де ауыстыру қажет деп санаймын. 31-мамырға емес, студенттер сабақтағы, ал оқушылар мектептегі бір датаға қойса, өскелең ұрпақ бұл зұлмат туралы сезінер еді. Сонымен бірге, бір күнге қос зұлматты қабаттастырмай, Қуғын-сүргін құрбандарын бір бөлек, Ашаршылық құрбандарын бір бөлек еске алу керек деп ойлаймын. Миллиондап жазықсыз қырылғандар жадымызда! Ешқашан ұмытпаймыз!

Ashat Kasengali

       
Комментарии