Қазақстанда 2025 жылы Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келіп отыр. Бұл күн мұсылман күнтізбесіне сай белгіленген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Еңбек кодексіне сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні — республика бойынша ресми демалыс күні.
Биыл маусым айында қазақстандықтар қосымша бір күн демалатын болады.
Бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер маусымда 20 күн жұмыс істейді, ал айдың 10 күні - демалыс.
Алты күндік жұмыс аптасында 24 жұмыс күні, 6 демалыс күні бар.
Новости по теме