Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

1942
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/49f03ece-fd0b-48f7-aff0-1df582938afa-960x500.jpeg?token=f7eefc20d8c71e1bc02fcca8065489a1
Астанада 8 мамырда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысқан жеке құрам мен әскери техниканы тұрақты орналасқан жеріне әкету іс-шарасы басталды. Бұл туралы қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Әскери техника теміржол көлігімен де, өзін жүргізу арқылы да тасымалданады. Іс-шара 14 мамырда аяқталады деп жоспарланып отыр. «Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына байланысты азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады», - деп жазылған хабарламада.
Комментарии