Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы инсульт алып, комаға түскен белгілі журналист Диас Ахметшәріптің қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, журналистің миына қан құйылған. Қазір ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
“Науқастың миына қан құйылған. Қазір ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Пациенттің туыстарының рұқсатынсыз басқа ақпарат берілмейді”, – делінген басқарманың баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.Еске сала кетейік, 6 мамыр күні Ақтауда өткен ішкі істер министрлігінің көшпелі отырысы кезінде Диас Ахметшәріп кенеттен инсульт алып, ес-түссіз күйге түскен болатын.
Новости по теме