Қонаевта жедел жәрдем көлігі қатысқан жол апаты болды

1968
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/81f40b87-7768-419d-81c6-012256e518ab-960x500.jpeg?token=67fde97ef47c203d4fc7b947e6156d7c
2025 жылғы 18 сәуірде Қонаев қаласында жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Оқиға орнының видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Куәгерлер түсірген кадрлар желіде қызу талқыға түсті. Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ресми мәліметке сәйкес, жедел жәрдем көлігі – Jac Sunray Қонаев қаласының Конаев көшесімен жүріп бара жатқанда, Nissan Primera маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан Nissan көлігінің жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.
Комментарии