3 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамп барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Оның мәлімдемесін Ақ үйдің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Трамп бұл уақытты оразаның, дұға мен қауымдық жиындардың қасиетті айы деп атады.
"Бұл біз ізгілікте өмір сүру үшін үміт, батылдық пен шабыт алатын уақыт", – делінген Трамптың жолдауында.
Ол өзінің мәлімдемесінде, Трамптың әкімшілігі американдық өмір салтының ажырамас бөлігі болып табылатын діни бостандықты жақтайды деп жазды.
"Ең алдымен, біз бейбіт болашақты құруға және әрбір адамның жан дүниесінде сақталған қадір-қасиетті мойындауға деген шешімімізді растаймыз", – делінген хабарламада.
Новости по теме
Конкурс «Жігіт сұлтаны» в честь 190-летия Биржан сала, 160-летия Балуана Шолака и 100-летия Рахимжана Кошкарбаева и Кокена Шакеева провели в Акмолинской области
Кто виноват в том, что Папа Римский говорил казахам не о святой Мариям-Ана, а нес чушь о шельпеках и домбре?
