Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстанның хоккейден ерлер құрамасы Жапония құрамасын ұтып, алтын медаль алды. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, ойынның есебі – 5-0.
Құрама ойыншылары Андрей Буяльский, Дмитрий Бреус, Роман Старченко мен Кирилл Панюковтер қарсыластың қақпасына дәл тиіп, жеңіске жетті.
Айта кетсек, әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған болатын.
Новости по теме
Первый вертолетный туристический маршрут курорта Бурабай протестировал аким Акмолинской области Марат Ахметжанов
