Орыс мектебі болмаса қазақ тілі дамиды

126

«Қазақстан» қонақ үйінің қасынан такси ұстап, мәшине енді ұзай берген кезде жолдың шетінде тұрған тағы екі адам қол көтерді. Жолымыз бір екен, таксист жігіт екеуін де отырғызып алды. Басында мен түсініксіз тілде сөйлесіп тұрғандарына қарап қытайлар ма деп қалсам, өзіміздің дұңғандар болып шықты. Осыдан 4-5 жыл бұрын Қырғызстанда төңкерістен кейін төңкеріс болып жатқанда, 5-6 үй болып Алматыға қарай көшіп келіпті. Өздері бір-бір жерде жұмыс істейді. Айтпақшы, бәрі балаларын орыс мектебіне беріпті. Қазақстанға келген басқа ұлттың өкілдері балаларын орыс мектебіне апарып оқытады. Біздегі қырғыздардың балалары да орыс мектебінде оқитынын естігенде, былтыр қатты таңғалғам. Сөйтсем, олар баласын қазақ болып кетпес үшін орыс мектебіне береді екен. Қырғыздар ғана емес, еліміздегі басқа диаспоралар да, қазақтың өзі де әлі күнге дейін баласын орыс мектебіне апарып оқытады. Қазаққа не жоқ десеңші! Бізде қазақтың тілінің де, қазақтың өзінің де сыйы жоқ. 30 жыл бойы істелген кертартпа идеологияның кесірі ғой. Ойлап қарап отырсаң, орыс мектебі - қазақ тіліне кедергі келтіріп тұрған жалғыз фактор екен. Орыс мектебін жауып тастасақ, бәрі баласын қазақ мектебіне апарып оқытады да, қоғамымыз қазақылана бастайды!

 

Жолымбет МӘКІШ

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии
Выбор редакции