Шымкентте әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінде қазақстандық шахматшы қолаға қол жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Шахмат федерациясының мәліметінше, FIDE Women’s Grand Prix Series 2024-2025 турнирінің екінші кезеңінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қола медаль жеңіп алды. Бірінші орынды Александра Горячкина алды.
Одан жарты ұпай аз жинаған әлемнің экс-чемпионы қытайлық Тань Чжуньи 2-орынды иеленді.
Гран-при турнирінің алғашқы кезеңі Грузияның Тбилиси қаласында өткен еді.
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы Tbilisi Grand Prix 2024 турнирінде екінші орынды иеленген болатын.
Новости по теме
Предприниматели выделили более 100 млн. тенге на борьбу с коронавирусом через фонд «Шымкент -қайырымды қала»