Ақтауда қара жамылып, қолына автомат ұстаған қыздар жұртты шошытты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.
Никаб киген екі қыз ойыншық автоматтарды қолына алып, түн ішінде қаланы аралаған.
Оқиға 26 шілде күні болғаны хабарлануда. Желіде жарияланған жұма күнгі бейнеде 5-ықшамауданнан 4-ықшамауданға қарай жолды кесіп өтіп бара жатқан қыздарды байқаған.
“Олар мәз болып, күліп жатты. Шынымды айтсам, мен таң қалдым, өйткені басында бұл ойыншық автомат екенін білмедім. Кейін атылған даусына қарап, ойын екенін түсіндім. Олардың арам ойы болмағанын білемін. Меніңше, ерегесіп істеген сияқты. Десе де бұл мүлдем күлкілі емес. Сол кезде мен қатты қорқып кеттім", – деді ол.
Новости по теме
Первое заседание Национального организационного комитета по проведению Международного года волонтёров состоится в Астане
Согласие, толерантность и дружба – основа нашей жизни: Члены Ассамблеи народа Казахстана о межэтнической политике в стране