Екібастұздағы Болат Нұржанов атындағы ГРЭС-1-де апат болды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«28 маусымда сағат 05:24-те Екібастұз ГРЭС-1-де технологиялық бұзушылық болып, салдарынан №2, 3, 4 және 7 энергоблоктары 2080-ден 320 МВт-қа дейін төмендеді. Қазіргі уақытта № 2, 4 және 8 энергоблоктар жұмыс істеп тұр, генерациясы 971 МВт. Қалған қондырғыларды іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Ядролық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті тергеуді бастады», деп хабарлады министрлік.
Новости по теме
Мобилизованные россияне: — Не кормят, не одевают, не предоставляют крыши над головой. Отношение командиров скотское
Французском музее Гиме состоялось торжественное открытие выставки «Казахстан: сокровища Великой степи»