Парламент депутаттары каникулға кетті

2833
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/02/parlament-960x500.jpg?token=9fe3145884ea360e7c3201d6049f0794
Бүгін, 28 маусымда Қазақстан Парламенті мәжілісі мен сенатының депутаттары демалысқа шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қос палатаның бірлескен отырысында Ерлан Қошанов өткен сессия "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" формуласының тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. Оның айтуынша, Парламент палаталарының бес бірлескен отырысы, Мәжілістің 39 жалпы отырысы және Сенаттың 43 жалпы отырысы өткізілген. 179 заң жобасы қаралып, 102 заң жобасы қабылданған. Депутаттардың қазіргі құрамы 2023 жылы сайланған еді.
Комментарии