Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты қаржыны үнемдеу мақсатында Астана халықаралық форумын тоқтатты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады” делінген Ақорда хабарламасында.
Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді.
Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыруы мүмкін.
Былтырғы форумға экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның билік тармақтарында басшылық қызмет атқарған қызы Дариға Назарбаева қатысқан.
Новости по теме
В Назарбаев Интеллектуальных школах объявлены победители национального чемпионата Всемирной олимпиады роботов-2021
Призыв к международному сообществу: «Посмотрите и вы на совершаемый армянами экологический террор» — Агиль Алескер