Шымкентте жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Шымкентте Kia автокөлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргіншінің қасында зайыбы болған.
Kia жүргізушісінің 29 жаста екені айтылады. Қаланың орталық көшелерінің бірінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 1976 жылы туған жаяу жүргінші көз жұмды.
Осы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Новости по теме
Предприниматели выделили более 100 млн. тенге на борьбу с коронавирусом через фонд «Шымкент -қайырымды қала»