Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері өсті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге, — делінген хабарламада.
Қаңтарда зейнетақының орташа мөлшері 120 744 теңге болған еді.
Новости по теме
Депутаты демпартии «Ак жол» требуют от минздрава обязать ТОО «СК-Фармация» работать с частными аптеками и организовать доставку лекарств в регионы и малые города