Қазақстан мен Әзербайжан әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын мақұлдайды. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Келісім бойынша тараптар террористік және экстремистік ұйымдар, өзара мүдделілікті білдіретін әскери-саяси оқиғалар сынды тақырыптық бағыттар бойынша әскери барлау ақпаратымен алмасады.
Айта кетейік, ынтымақтастық туралы келісім бес жылға рәсімделеді. Одан кейін қарсылық болмаса, құжаттың мерзімі автоматты түрде ұзартылып отырады.
Қаулының жобасы 29 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.
Новости по теме
Глава государства в трудную минуту уделил большое внимание образовательной сфере страны-депутат Жулдыз Сулейменова
Первый вертолетный туристический маршрут курорта Бурабай протестировал аким Акмолинской области Марат Ахметжанов
