Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәлімет бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар, Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
Президент келесі күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.
Бұдан бөлек, Президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады.
Новости по теме
Управлением туризма Алматинской области на территории области организован специальный скаутский лагерь для подростков
Депутаты демпартии «Ак жол» требуют от минздрава обязать ТОО «СК-Фармация» работать с частными аптеками и организовать доставку лекарств в регионы и малые города
