Алматыда «сәнденген» автокөлік иелеріне айыппұл салынды

2682
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/5e1fc0f3-ad99-4fa4-887d-838e0be028d2.jpg

Алматы полицейлері «сәнденген» көлік иелеріне айыппұл салды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, тәртіп бұзушылар әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. «Mercedes-Benz және BMW автокөлігі жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері анықталды, Олар өз көліктерін сәндеп, осылайша ӘҚБтК - нің 590-бабының 7-бөлігінің нормаларын бұзды. Сонымен қатар құқық бұзушылардың іс - әрекеттерінде ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігінің талаптарын бұзу белгілері де байқалды», - делінген хабарламада. ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігіне айыппұл 15 АЕК көлемінде, ал 595-баптың 1-бөлігі 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Жергілікті полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін анықтап, жауапкершілікке тартты.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии