Сауда үйінде аяқ киім ұрлаған қарағандылық тұрғын екінші қабаттан секірмек болды

3953
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/modern-and-minimal-company-profile-presentation-4-1.jpg

Әлеуметтік желіде Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінде ер адамның екінші қабаттан секіруге әрекет жасаған видеосы пайда болды. Бұл жағдайға қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ведомство мәліметінше, Қарағандыда полицияға белгісіз бір адамның сауда үйіндегі дүңгіршектен аяқ киім ұрлағаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орынына келген тәртіп сақшылары сауда үйіндегі бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің жүрген жерін анықтады. Алайда ұстау кезінде ол екінші қабаттан секіріп кетпек болған. Күдікті қылмысын мойындап, айғақ зат тәркіленді, - деді ІІМ өкілдері.
Сондай-ақ полиция аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 187-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Денис Денски (@denski_blog)

 

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии