Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтаның директоры қайтыс болған шахтерлердің алғашқыларының есімдерін атады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Бірінші болып сегіз адамның аты-жөндерін анықтадық. Олар: Мордасов Виталий Анатольевич; Югай Александр Викторович; Адампаев Ерболат Мұратұлы; Петренко Владимир Ильич; Сайфутдияров Альберт Рифович», - деп тізіп берді ол.Оның айтуынша, қалған мәйіттерді анықтау әзірге мүмкін емес. Соңғы мәліметтер бойынша, Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиға 33 кеншінің өмірін қиды. Тағы 13-і із-түзсіз жоғалып кеткен. Оларды іздеу түнге дейін жалғасады. Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағандыда (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртауда 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) сенім телефондары жұмыс істейді.
«Адырна» ұлттық порталы
Новости по теме