Қырғызстан астанасы Бішкекте жастар арасында самбодан əлем чемпионаты аяқталды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Үш күнге созылған бəсекеде 28 елдің балуандары жауынгерлік және спорттық самбодан 37 салмақтың үздіктерін анықтады.
Қазақстан құрамасы 4 алтын, 6 күміс жəне 12 қола жүлдеге қол жеткізіп, жалпы есепте 2-орын алды. Жарыста Халықаралық самбо федерациясының командасы (Ресей самбошылары) топ жарса, үздік үштікті Өзбекстан спортшылары түйіндеді.
«Адырна» ұлттық порталы
Новости по теме
Первый вертолетный туристический маршрут курорта Бурабай протестировал аким Акмолинской области Марат Ахметжанов
Управлением туризма Алматинской области на территории области организован специальный скаутский лагерь для подростков
