1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға Мәжіліс пен Сенат депутаттарымен бірге орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық Құрылтайдың, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Әйел істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, қоғам және еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.
Жолдаудың тікелей эфирі сағат 11:00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ Ақорданың ресми сайтында, Ақорданың әлеуметтік желілердегі аккаунттарында басталады.
Новости по теме
Призыв к международному сообществу: «Посмотрите и вы на совершаемый армянами экологический террор» — Агиль Алескер
За последние три года наблюдается укрепление взаимодействия между государством и предпринимательским сообществом - Максим Крамаренко