Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға ренжудің қажеті жоқ. Қайта мойындағанына рақмет. Отыз жыл Астанаға ғана назар аударды. Басқа өңірлерді ұмытты.
Соның нәтижесінде халық күн көріс қамы үшін үлкен қалаларға ағылды. Егер облыстарда жұмыс болса, морозильник Астанаға кім барады? Мысалы мен туған Жамбыл облысын алайықшы. Жаңатас, Қаратау сынды моно қалаларды көтерсе дүйсеновалардың басы қатпас еді. Ауылда жердің бәрін сатпай, халыққа пайдалануға жағдай жасаса ағайын айранын ұрттап, қойын құрттап жатар еді. Қазы-қартасын кертіп жеп.
Сондай-ақ Астана жалпыхалықтық махаббатқа ие бола алмады. Назарбаевтың туған күнін тойлайтын, думаншыл, өңкей карьеристтердің крепость-қаласына айналды. Өте өкінішті. Шынтуайтында Астана елдің айбары, мақтанышы болуы тиіс еді.
Нұрсейіт Жылқышыбай
Новости по теме
Более двух тысяч студентов столичных колледжей приняли участие во флешмобе в честь завершения Года рабочих профессий
