Басты бет » Айдарлар » Көкейкесті » Абзал Құспан: Қазақстандағы ең наразы, ең кедей топ-қазақтілді орта

Абзал Құспан: Қазақстандағы ең наразы, ең кедей топ-қазақтілді орта

Көп балалы аналарға қолдау, әлеуметтік жәрдемақы мәселелері туралы жиын басталды. Бұрын да талай айтқам, талай газетке сұхбат бергем, қазір де айтамын.

Қазақстандағы ең наразы топ, ол – қазақтілді орта екенін. Ең кедейде қазақтілділер. Бірақ бір НО бар! “Кедейдің күні кіжінумен өтеді” – деген мақалды дәл қазіргі жағдайға қолдануға болады. Қазақтілді орта негізінен әлеуметтік желіде белсенді, сосын әбден шегіне жеткен кезде көшеге шығады. Екі ортада үлкен БОС КЕҢІСТІК-ПУСТОТА!

Қазақтілді ортада өз құқығын қорғап сотқа баратын, Үкімет, облыс, аудан басшылығы тарапынан құрылған комиссияларға мүше боп кіріп, мәселені шешуге атсалысатын адамдар саны аз, өте аз. Яғни, белсенділік деңгейі төмен! Мысалы, сотталғандардың құқығын қорғайтын қоғамдық бақылау комиссиясы (ОНК) әр облыста бар, бірақ осы кезге дейін олардың арасынан бір қазақтілді белсендіні көрген емеспін, бұл тек бір ғана мысал…
Соның нәтижесінде, Үкіметтің бүкіл жиындары орыс тілінде өтеді, күн тәртібі орыс тілінде бекітіледі, соның нәтижесінде Үкімет мүшелері тарапынан қабылданатын шешімдеріде солардың ықпалымен қабылданады. Яғни, жағдайдың осылай қалыптасуына белгілі-бір дәрежеде себепші Өзіміз! Өзің не бітіріп жүрсің дейтіндерге айтарым, мен Оралдан, Газиза ТурешоваСәуле Әбілдаханқызы Алматыдан өз қаражатымызбен келіп отырмыз.
P/s: жиын жалғасып жатыр, әзірге ресми тілде

Абзал Құспанның Фейсбук парақшасынан

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

ШЫҰ Бас хатшысы сайлаудағы “карусель” туралы айтты

Шанхай ынтымақтастық ұйымның бақылаушылары алты аймақты бақылайтын болады  Шанхай ынтымақтастық ұйымның бас хатшысы Владимир Норов ...