18 жастағы Шымкент тұрғыны іздестіріліп жатыр. 5 тамызда Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жоғалған қыз туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
2004 жылғы Аида Әбілданың ағасының айтуынша, ол 4 тамыз күні сағат 16:30 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.
Қыздың жүрген жерін анықтау үшін Шымкент қалалық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
Айта кетейік, Аида — Долана-Бұлақ колледжінің 1-курс студенті. Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі бар (ЗОБ).
Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуына болады.
Новости по теме