Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында көлік жарылып кетті. Бұл туралы 24.kg сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.
Ақпаратқа сұйенсек, "Ақ-Тілек" өткізу бекетінің маңында тұрған Lexus LX 470 көлігі белгісіз себептермен өртеніп кетті.
Өрт туралы сағат 15:37-де хабарланған. Сағат 15:55-те өрт оқшауланып, 16:34-те толығымен сөндірілді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жарылыс салдарынан Lexus LX 470 көлігі мен үш ағаш өртенді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Новости по теме
Начался конкурс на заключение долгосрочных договоров с отечественными фармпроизводителями по 1659 наименованиям лекарств и медизделий
