Сирия аумағынан Сирияның Эль-Кунейтра провинциясының шекарасында орналасқан Голан биіктігіне қарай үш ракета атылды. Бұл туралы AlHadath арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Екі ракета Иордания аумағында, біреуі Голан аумағында құлаған.
Куәгерлердің айтуынша, Голан биіктігінде қауіпсіздік сиреналары естіледі. Атыс кесірінен келтірілген залал туралы ақпарат берілмеді.
Израильдің қорғаныс армиясы бұл ракеталардың Сириядан ұшырылғанын растады.
Израиль армиясы жексенбі күні таңертең Сирияның қондырғыларына ұшқышсыз соққы бергенін мәлімдеді.
Новости по теме
Маулен Ашимбаев: «Инклюзивные виды спорта дают возможность особенным детям развиваться физически и социализироваться»
Глава Казахстана Касым-Жомарт Токаев выступил перед парламентом с Посланием народу «Экономический курс Справедливого Казахстана»
