Серікжан Біләш Қытайда кім болған?

7157

Қытай қысымы қазақтарға басталардан бұрын Серікжан вичаттан топтар құрып, тапа-тал түсте арғы беттегі қазақтарға көш еще көш, "қытай андай, қытай мындай" деп Қытайдың өз вичатында өкіметті жамандайтын, ол группаларға, топтарда арғы беттегі қазақтың небір ұлтжанды азаматтары отыратын, менде бар едім, сондағы айтылған, оқылған лекциялар қып - қызыл арандату болатын, оған Қытай қарап отырсын ба, барлығын бақылап, кімнің кім екенін қайда тұратынын, не сөйлегенін біліп аңдып отырыпты, аңқау қазақ қақпанға Серікжанның арқасында өздігінен барып түсе берді, Серікжан құдды "ананы ұста, мынаны ұста" дегендей көз алдымызда бәрімізді көрсетіп беріп отырғандай болды, біз осылай ұйғырлардың қатарынан бірақ шықтық,
Ал ойлаңдар, дүние жүзіне өз жансыздарын кең көлемде бақылатып отырған, бәрін біліп көріп отырған, АҚШ пен Ресеймен иық теңесіп отырған Қытай бір Серікжанға күші жетпепті дегенге, соның айғайынан қорқып қазақтарды босатып жатыр екен дегенге сенген адам не ақымақ, не саяси сауатсыз, не алды артын білмейтін ақылсыз адам.
Қытай Серікжанды құртқысы, жоғалтқысы келсе бір ғана званок, анауыңның аузын жаба салшы деп, немесе осы жақтағы жансыздары болса "мә ақша, ананы бүйте сал" десе де жеткілікті.
Серікжанды кеше көрсең бүгін таппай қаласың, ойы ұшқыр, өзі жылдам. Адамға белгілі жәйт, қытай қара қолдары бүкіл әлемде өз орны бар екенін әбден білесіздер, соларға бұйрық берседе Секеңді бір минутта жап-жалпақ көтен етіп тастайды,
бірақ Қытайға сылтау керек, Қытай басқалардың ішкі ісіне жалбызбалап араласу үшін алдымен осындай адамдар арқылы сылтау іздейді, кейінгі мақсаты "сен осылай істеген соң мен осылай істеуіме тура келді" дегендей...
Тегі Қытай қандай ел ? 
Тарихта Қытай бір елді төте соғыспен жаулап алған емес, алдымен жансыздарын жібереді, жансыздар бейне сол елдің отымен кіріп күлімен шығады, сенімділікке ие болған соң, сол елдің барлық сырын Қытайға жеткізеді, осы арқылы Қытай жұмыс жүргізеді, дүниенің екінші экономикалық елі болған Қытай елі кәзіргі кезде халқының көптігінен оны қайда сыйғызарын білмей отыр, сол үшін біз де оған сақтықпен қарауымыз керек.
Осында коментарий жазып отырған қазақтардың қай қайсыда аузымен Серікжанды қолдағанымен ол үшін өлгісі келмейді, желіде бәрі батыр, Қытайда да тура сондай жағдай болды, сол жақтан Серікжан үшін бәріне де дайынмын деген қазақтардан дәл осы кезде барып сұраңызшы не дерін? Олар Қытай қазақтарын арандатқан бірінші нөмірлі Секең екенін асықпай айтып береді,
мыңдаған адам Секеңнің кесірінен түрмеде азап көріп жатыр, оған куәгерміз, соны біліп тұрып соны қолдап отырғандар, қазаққа жаны ашымайтын күнәкәрлер,  айналайын қазағым, бастарыңды сілкі, жақсырақ ойлан, Серікжан ол бір Қытайдың ойнатып отырған ойыны, ол ойын әзірше оралман қазақтар арасында ойналып жатыр, бұл ойын жалпы қазақтар арасына таралып кетсе, өкінгенмен кеш болады, сол үшін естеріңді жиыңдар.

Болатқали Қамзаұлы

Олжас Әбілдің Фейсбук парақшасынан

Комментарии
Выбор редакции