Басты бет » Айдарлар » Общество » Қазақты…қазақ бағала!

Қазақты…қазақ бағала!

Бірін-бірі тілдеп жатқан қандастарымызды көргенде, жан ауырады…
Бұл-құлдық танымның бір көрінісі…

Римде құлдар бір ғана рет көтеріліс жасаған…

Флор ұқпайды,  Аппиан түсінеді.  Гладиаторлар өзара достаспауға тырысқан…

Бүгінгі дос-ертеңгі қарсылас.  Сонда-сезім,қанжарға бөгет!

Спартак бастап шыққан құлдар Римнен кетуге бас тартқан.    Джованьидікі гипербола!

Алтынорда хандары қоластындағыларды бір-біріне қоспаған.  Тәуекел қырғыз,  қарақалпақ,  қалмақтарды әр қанатта бөлек басқарған…

Ганди мен Машрики бастаған буддашылар мен мұсылмандар бірге достықта күн кешеміз дегенде…ағылшындар қарсы шыққан!
1857 жылғы сипайлар көтерілісін-ағылшындар өздері жасаған.

Германиядан қалған Руандада Тәуелсіздік алған соң 1994 жылы 6 аптада хуту тайпасы,  тутсу тайпасының 500000 адамын мачета-пангамен қырып тастаған…

Мәңгілік көршілер-жендеттерінен балаларын қинамай,  оқпен өлтіру үшін… соңғы ақшаларын берген!
Мен бұл жерде бельгиялықтардың қатысы бар екеніне,  анық сенемін!
Осы қырғыннан миллион адам жан берді!

Руды айту-өте қауіпті!
Біз балаң тәуелсіз елміз!
Біздің бөлек болғанымыз,ара айтысымыз-жатқа пайдалы!Билікке де..
ҚАЗАҚҚА ЕМЕС!
Тәуелсіздікті сүю-ҚАСЫҢДАҒЫ ҚАЗАҚТЫ СҮЮДЕН БАСТАЛАДЫ…

Серік Елікбай

“Адырна” ұлттық порталы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Сәлем салу – духовное украшение казахского общества

В нашу эпоху новых технологий кажется, что мир летит в будущее с огромной скоростью. И ...