Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Анкараға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысады.
“Іс-шара барысында Ұйымның апат пен төтенше жағдайлар менеджменті және гуманитарлық көмек саласындағы қызметінің басым бағыттары, соның ішінде табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықты үйлестіруге және нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады”, делінген хабарламада.
Новости по теме
Без знания государственного языка теперь невозможно будет получить гражданство Республики Казахстан.
