Сот Владимир Жириновскийдің ұлы Олег Эдельштейнді 15 күнге қамауға алды. Бұл туралы Риа Новости жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Олег Эйдельштейн Мәскеу мейрамханаларының бірінде төбелескені үшін полиция бөліміне жеткізілді. Ол полицейлерді қорлап, содан кейін біреуін ұрған.
"Оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды", – деп хабарлады сотта.
Бұл Эйдельштейннің бірінші төбелесі емес. 2021 жылдың сәуірінде Солтүстік Осетияның бұрынғы басшысының ұлы Зелимхан Битаров Внуково әуежайында Олег Эйдельштейнмен төбелескен.
Айта кетейік, Владимир Жириновский 2022 жылдың 6 сәуірінде ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін көз жұмған болатын.
Новости по теме
Увеличение финансирования, новые школы и бесплатные обеды: аким Алматинской области Марат Султангазиев рассказал, какие новшества вводятся с этого учебного года для учащихся
