Түркістан облысын су басуда

5948
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/02/3c8bdf1a-7bed-488d-92a5-5182785f975a.jpeg
Түркістан облысын су басуда. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мәлімет бойынша, 2 ақпанда Кентау және Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аулалар мен көшелер су астында қалды. Оқиға 2 ақпан сағат 08:00-де қардың еруі және жауын-шашынның көп жаууы салдарынан басталған. Түркістан облысы әкімдігі 2 ақпанда Сауран ауданы Бабайқорған ауыл округіне қарасты Бабайқорған, Абай, Үлгілі елдімекендерінде көшелер мен тұрғын үйлердің ауласына су кіргенін айтты. Сондай-ақ,  шамамен 10-ға жуық үйдің ауласын су басқан. Бабайқорған ауылындағы жалпы орта мектептің ауласын да су басқан, мектеп оқушыларына сабақтар тоқтатылды.
Комментарии