Алматы қаласындағы жер ресурстарын басқару комитеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетің жеке меншікке өтіп кеткен аймағына қатысты тексеріс жүргізді. Бұл жайлы заңгер Бақытжан Базарбек хабарлады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы "orda_kz"-ке сілтеме жасап.
Комитет Алматы әкімдігінің заңсыз Ұлттық университет территориясының бір бөлігін меншіктеуге жол бергеннін нақтылады.
Алматының ауданаралық-экономикалық соты қаланың жер ресурстарын басқару департаменті мен "Omirex" ЖШС, "Atlas Development" ЖШС, ҚазҰУ өтінішін толық қарастырды. Арнайы қабылданған қаулыда сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қойылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген кезде заңсыз иеліктен шығарылған жер учаскесі университет қарамағына қайтарылады.
Бақытжан Базарбек өз сөзінде заңсыз қаулыға қол қойған шенеуніктерді жауапқа тартып, жазасын беру қажет екендігін де атап өтті.
"Адырна" ұлттық порталы
Новости по теме
От реки до крана: журналистам показали будущий центр водоснабжения Наурызбайского района города Алматы
Памятка в помощь чиновникам и силовикам. Что важно уяснить себе властям РК в деятельности по урегулированию взаимоотношений массово прибывших «туристов»-мигрантов из РФ с местным населением?
Алматы
жер
ҚазҰУ
жер телімі
жер дауы
сот шешімі
алматы әкімдігі
әл-Фараби атындағы ұлттық университет
жер учаскесі
Ұлттық университет
