Соңғы 10 күн ішінде Батыс Қазақстан облысына Ресейден елу мың тұрғын өткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz" сайтына сілтеме жасап.
Қашқындарға заңсыз жалға пәтер бергендер мен оларды шекарадан оңды-cолды тасығандар сотқа шақырылып, айыппұл салынатын болады. Бұл жайлы мемлекеттік шекара қызметін үйлестіру кеңесінде айтылды. Қажетті деректер қазір сотқа жолданған.
Айта кету керек, Оралға қашқындардың көптеп келуі себебінен пәтер жалдау құны екі есе, такси қызметі он есе артқан.
Қазір шекара бекеттеріндегі жағдай тыншыды, Қазақстанға қарай ағылған қашқындар саны да едәуір азайды.
Новости по теме
В Актау с помощью Telegram-чат-канала «Акимат Мангистауской области» решается вопрос по вывозу мусорных свалок