Ресей ядролық қару қолданатын болса, НАТО соғысқа араласады

1455
Adyrna.kz Telegram

Ресей ядролық қару қолданған жағдайда НАТО соғысқа араласады. Бұл турасында Польшаның сыртқы істер министрі Збигнев Рау хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

- Ядролық қару тасталған жағдайда НАТО әскері ұрысқа араласады, - деді Збигнев Рау RMF FM радиосында берген сұхбатында.

Польшаның сыртқы істер министрі Ресей тарапына сес көрсетіп, НАТО-ның ядролық қару арасқан соғысқа сақадай сай екенін айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии