Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев Парламентке автоматтары бар екі жәшік әкелген. Бұл туралы Жоғарғы Кеңес депутаты Адахан Мадумаров мәлімдеді деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы informburo.kz-ке сілтеме жасап.
«Мемлекетте ғана емес, Жогорку Кенеште де күрделі жағдай қалыптасты. Соңғы рет ҰҚК басшысы Парламентке автоматтары бар екі жәшікті сүйреп апарды. Бұл – жабайылық. Біз заң шығарушы ретінде әрбір қозғалыстың заңдылығына баға беруіміз керек. Олай жасай алмасақ, онда біз өз жұмысымызды орындай алмағанымызды мойындауымыз керек», – деді қырғыз депутаты.ҰҚК басшысы Парламентке неге қару алып келгені әлі белгісіз.
”Адырна” ұлттық порталы
Новости по теме
Почему казахи до сих пор не создали ничего подобного бессмертной картине русского художника К. Брюллова «Всадница»?