Олигарх Әлішер Усмановтың Германиядағы үйлері, вилласы тінтіліп жатыр. Бұл туралы Bayerischer Rundfunk басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Басылым мәліметінше, ресей-өзбек олигархы миллиондаған еуро салық төлемеді деген күдікке ілінген.
"Ресейлік өзбек олигархы Әлішер Усмановтың Германиядағы үйлері тінтіліп жатыр. Өйткені ол 2016 жылдан бері Роттах-Эгерндегі үйінде тұрақты және ұзақ уақыт тұрыған, бірақ салық төлемеген. Мюнхен прокуроры оны салық төлеуден жалтарды деп күдіктеніп тінту жүргізген", - деп жазады басылым.2022 жылғы Forbes деректері бойынша Усмановтың байлығы 14,6 миллиард долларға бағаланады.
”Адырна” ұлттық порталы
Новости по теме
Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «AMANAT» партиясы республикалық сайлауалды штабының жұмысымен танысты