Жол апаты Қаратал ауданында болған, деп хабарлайды "Адырна" тілішсі.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 39 жастағы «Жигули» жүргізушісі Талдықорған – Үштөбе тасжолының 32-шақырымында рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. 36 жастағы ер адам басқарған Mitsubishi көлігімен соғылған.
Жол апатының салдарынан жеті адам зардап шеккен, олардың үшеуі бала. Балалар медициналық тексеруден өту үшін жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Новости по теме
«Таза Қазақстан»: в Жетісу более 32 тысяч выпускников школ подарили родному краю тысячи саженцев деревьев и цветов
