Бес адамның өлімі. Өртке қатысты үй иесі жаңа дерек айтты

60
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kUo99uFC0yuKODHG6ohK7fwncpzfPx5HZtO44X1y.jpg

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” КТК-ға сілтеп. 

Өрт шыққан үйдің иесі Қуаныш Кеңес қайғылы оқиғаға осы үйде бұрын тұрған әйелдің қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Үй иесінің айтуынша, күдікті әйел осыдан шамамен үш ай бұрын да аталған үйде өрт шығарған. Алайда сол кезде жалынды сөндіріп, полицияға хабар бермеген. Кейін әйел үйден шығарылған.

Қуаныш Кеңестің болжамынша, қайғылы оқиға болған түні әйел үйге қайта кіріп, жанғыш қоспаны төгіп, өрт қойған болуы мүмкін. Ол өз сөзін растайтын бейнежазбалар мен куәгерлер бар екенін айтады.

Үй иесінің сөзінше, әйел ғимаратқа негізгі кіреберіс арқылы кіріп, өрт қойғаннан кейін сол жолмен шығып, есікті бұғаттап кеткен. Сондай-ақ оқиғаға қатысы бар адамды көрген куәгер бар екенін жеткізді.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын полиция тергеп жатыр. Үй иесінің айтқандары әзірге тергеу барысында расталған жоқ.

Еске салайық, 26 қарашаға қараған түні Алматы қаласының Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйден өрт шықты. Жалын 100 шаршы метрден астам аумақты шарпыған. Салдарынан бес адам қаза тапты. Олардың арасында, куәгерлердің айтуынша, тоғыз жастағы қыз бала болған. Тағы тоғыз тұрғын баспанасыз қалды. Оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс қозғады.

Комментарии