Мәслихат сайлауы. Бір мандатқа үш үміткер көз тігеді

204
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/il6IOv2uNwZBwXPn07g1xNrjiMF1pQ8aEhmYga5E.webp

29 қарашада өтетін сайлау нәтижесі бойынша Қазақстанның 228 мәслихатына 3 447 депутат сайланады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманақұмов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, депутаттық орындардың 3 113-і бір мандаттық сайлау округтері арқылы, ал 334-і партиялық тізімдер бойынша бөлінеді. Партиялық тізіммен ұсынылған кандидаттар арасында да бәсекелестік жоғары. Атап айтқанда, 20 өңірдегі 334 мандат үшін 97 партиялық тізім тіркелген. Олардың құрамында 1 160 кандидат бар. Осылайша, әрбір мандатқа орта есеппен 3-4 үміткерден келеді.

Бір мандаттық сайлау округтері бойынша 9 422 кандидат тіркеліп, олардың барлығының аты-жөні сайлау бюллетеніне енгізілген. Бұл бағытта бір депутаттық орынға орта есеппен үш кандидаттан үміткер.

Ең жоғары бәсекелестік Түркістан облысында тіркелген. Мұнда бір мандатқа бес кандидаттан келеді. Сонымен қатар 121 сайлау округінде бір орынға төрт үміткерден бақ сынайды. Ал бәсекелестік деңгейі төмен 11 өңірдегі 44 округте бір мандат үшін екі кандидаттан тіркелген.

ОСК өкілінің мәліметінше, кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар учаскелік сайлау комиссияларының ғимараттарында арнайы тәртіппен орналастырылған.

Айта кетейік, 29 қарашада өтетін дауыс беру науқаны еліміздің барлық өңіріндегі 10 338 сайлау учаскесінде ұйымдастырылады.

Комментарии