Өмір мектебі: өнеге мен тағылым

44
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KsTRzyWgtXiAkRbXzTyDMrtAdLXA6rPHeLgiG14d.jpg

«Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында «Атаның сөзі – ақылдың көзі» жобасы аясында жастарға аға буынның өмірлік тәжірибесін насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында «Өмір мектебі: өнеге мен тағылым» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің құрметті қонағы – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, тарихшы, ғалым Аманбай Сейтқасымов.

Жүздесу барысында ғалым өзінің балалық шағы, өскен ортасы, мамандық таңдауы мен еңбек жолы туралы әңгімелеп, өмірден түйген ойларымен бөлісті. Білімге ұмтылу, адал еңбек ету, табандылық пен үздіксіз ізденістің адам өміріндегі орнына тоқталып, студенттерге ақыл-кеңесін берді.

Еркін форматта өткен кездесуде жастар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, мазмұнды әңгімеден тағылым алды.

Мұндай жүздесулер – аға буынның өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізіп, олардың дүниетанымын кеңейтуге, азаматтық ұстанымы мен өмірлік бағдарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды тәрбие алаңы.

Комментарии