Ағылшын тілін қазақ тілі арқылы меңгерген студент екінші талпыныстан IELTS 9.0 алды

104
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pmNks1MOR2URXpB9VH2qhO3LlW8V34Sp3Bn491oL.png

Алматы облысы Қаскелең қаласынан шыққан 19 жастағы студент Нұрмұхаммед Шакрад халықаралық IELTS емтиханынан ең жоғары 9.0 балл жинады.

2006 жылы туған Нұрмұхаммед бұл көрсеткішке емтиханды екінші рет тапсыру кезінде қол жеткізген. Қазіргі уақытта ол университеттің 4-курс студенті.

Ерекшелігі — орыс тілін білмейтін жас жігіт ағылшын тілін қазақ тілі арқылы меңгеріп, халықаралық емтиханнан ең жоғары нәтиже көрсетті. Бұл – әлемде өте сирек кездесетін нәтиже.

Нұрмұхаммед жоғары нәтижеге жету үшін қазақстандық One Bilim Academy онлайн-мектебінде білім алған. Бұл мектеп осы күнге дейін Қазақстан бойынша 15 мыңнан
астам түлекті дайындап шығарған, ал шәкірттердің орташа көрсеткіші — 7.0 балл.

Жобаның негізін осыдан бір жыл бұрын астаналық ерлі-зайыпты Керімсал Ринат пен Дана Бахытова қалаған. Мектептің академиялық бағдарламасын Назарбаев Университетінің түлегі, IELTS 9.0
иегері, Кембридждің CELTA (Pass A) сертификатын алған және 8 жылдан бері ағылшын тілінен сабақ беріп келе жатқан тәжірибелі ұстаз Дана Бахытова әзірлеген.

Барлық бейнесабақтарды негізін қалаушы өзі жазып шыққан. Оқу процесінде дәстүрлі бір оқытушы моделінің орнына әр студентпен бес маманнан тұратын команда жұмыс істейді. Бұл тәсіл студенттерді Beginner деңгейінен бастап халықаралық емтиханға дейін жүйелі түрде дайындауға бағытталған.

Жас студенттің айтуынша, ана тілінде ойлап, ағылшын тілін ең жоғары деңгейде меңгеруге дұрыс әдістеме мен жүйелі дайындық көмектескен.

Айта кетейік, One Bilim Academy небәрі бір жылдың ішінде миллиардтаған айналымға
шығып, оқыту процесін жеңілдету үшін 30 мың долларға өз IT-платформасы мен One
Bilim App қосымшасын іске қосқан.

Жобаны әзірлеуге Кремний алқабындағы Meta
және Amazon компанияларында тәжірибесі бар мамандар тартылған. Қосымшада
бейнесабақтар, сөздік қор және студенттің үлгерімін бақылайтын жүйе бір жерге біріктірілген.

Комментарии