ҚазҰУ ректоры Президенттен мақтау естіді

85
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/779GDSoiTIrKCvtdvD9W39qm2xwYFtFgm9YiFuDu.webp

Қазақстанда 11 мемлекеттің жетекші жоғары оқу орындары өз филиалдарын ашқан. Қазір бұл білім беру ұйымдарында 12 мыңнан астам студент білім алып, 1,5 мыңға жуық оқытушы жұмыс істейді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Олардың 600-ден астамы – шетелдік профессорлар.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Президенттің айтуынша, елімізде жоғары білім беру саласындағы халықаралық стратегиялық серіктестік аясында 40 келісім жүзеге асырылып жатыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның Лиссабон және Токио конвенцияларына қосылғанын атап өтті. Бұл халықаралық құжаттар қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдарын шетелде тануға мүмкіндік береді.

«Қазақстан осы аймақта алғашқылардың бірі болып Еуропадағы Лиссабон және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Токио конвенцияларына қосылды. Бұл – қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, бұрынғы білім және ғылым министрі, елші Жансейіт Түймебаевтың еңбегі. Соның нәтижесінде енді Қазақстан университеттерінің дипломдары Батыс және Шығыс елдерінде мойындалатын болды», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, соңғы уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болған қайғылы оқиғалар қоғам назарын аударды. Он күн ішінде университеттің екі бірінші курс студенті көз жұмған. Осы жағдайларға байланысты ғылым және жоғары білім министрлігі оқу орнында тексеру жүргізетінін мәлімдеген. Ал университет ректоры тарапынан әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ.

Комментарии