Халық жаңа Конституцияны қолдамаса, отставкаға кетемін — премьер-министр

126
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nr1Ab2VydDcCNxopOs4eATAhm7pplzOAzwGL3bjX.jpg

Фото: Anna Moneymaker / Getty Images

Армения премьер-министрі Никол Пашинян жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өткізуді ұсынды, деп хабарлайды “Адырна”.

Сондай-ақ, оның нәтижесіне қарай саяси шешім қабылдауға дайын екенін айтты.

Пашинянның мәлімдемесі 19 қараша БАҚ беттерінде таралы. Ол парламенттік оппозицияға референдум өткізу жөнінде ұсыныс жасаған. Оның сөзінше, егер халық жаңа Конституцияны қолдамаса, ол премьер-министр қызметінен кетеді. Ал азаматтар құжатты мақұлдаған жағдайда, келесі парламенттік сайлауда үкімет басшысы лауазымына кандидатурасын ұсынбайды.

Премьер-министрдің айтуынша, жаңа Конституция жобасы келесі аптада қоғамдық талқылауға шығарылады. Құжатқа өзгерістер енгізілгенімен, ол «Шынайы Армения» идеологиясының негізгі ұстанымдарына қайшы келмеуге тиіс.

Бұған дейін Никол Пашинян жаңа Конституцияны қолдамайтын оппозицияға қоғам тарапынан қысым жасалуы мүмкін екенін айтқан еді. Сондай-ақ оппозициямен ортақ келісімге қол жеткізілмеген жағдайда кезектен тыс парламент сайлауын өткізу мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеген болатын.

Комментарии